Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Синай көгінде апатқа ұшыраған А321 ұшағына қатысты тың дерек пайда болды

AstanaTV
09.11.2015ж. 20:00
753
Синай көгінде апатқа ұшыраған А321 ұшағына қатысты тың дерек пайда болды

Синай көгінде апатқа ұшыраған А321 ұшағына қатысты тың дерек пайда болды. Әуе кемесін лаңкестер қатарына қосылып кеткен бұрынғы діндар Абу Усама аль-Масри деген адам жарып жіберген болуы мүмкін. Бұл жөнінде британ үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, The Sunday Times  жазады.

Басылымның дерегінше, Шарм-Эль-Шейх әуежайының қызметкерін ұшақтың жүк қоятын бөлігіне жарылғыш зат орнатуға осы адам көндірген. Британдық барлау қызметі бұған сенімді көрінеді. Ал Ресей Мысырға жолаушы тасымалын тоқтатты. Владимир Путин бұл жөнінде арнайы жарлыққа қол қойды. Туроператорларға араб еліне жолдама сатпау жайлы кеңес беріліп жатыр. Бүгінде Мысырдан 80 000-дай  турист оралған. Қауіпсіздік үшін олардың жүктері бөлек ұшақтармен жеткізіліп жатыр. Британ, неміс және өзге де еуропалық әуе компаниялары Мысырға жолаушы тасымалын әлдеқашан тоқтатқан. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА