Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда уланған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды

AstanaTV
09.11.2015ж. 20:00
910
Оралда уланған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды

Оралда дарынды балаларға арналған мектептің астан ұшынған 23 оқушысы түгелдей жазылып, үйлеріне жіберілді. Тағы 30 оқушы демалыс күндері шығарылған. Ал мектеп асханасының 22 қызметкері әлі де ауруханада. Бірақ жағдайлары қалыпты. Дәрігерлер сақтық шаралары үшін интернат қызметкерлерінің де ем алғаны жөн деп шешкен көрінеді.

Флюра Саматова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Дәрігерлер тарапынан балаларға, ата-аналарға әлі де әрі қарай денсаулығын күту бойынша қажетті кеңестер берілді. Сонымен қатар, аталған ауруханада 11 мектептің 22 қызметкері жатыр. Жалпы олардың диагноздары дизентерия. 7-10 күнде емдерін алып, жалғастыратын болады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Оралда кешкі астан соң өздерін жайсыз сезінген интернат оқушылары 30 қазаннан бастап аяқасты ауруханаға түскен еді. Бірер күнде ауырған балалар саны 129-ға жетті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов асханадан сальмонелла қоздырғышы табылғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қорытындысы жақын күндері мәлім болмақ. 

Еркін КАРИН