$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әр шенеунікке бір-бір ардагерден бекітіп беру қажет

AstanaTV
07.02.2014ж. 20:00
976
Әр шенеунікке бір-бір ардагерден бекітіп беру қажет

Әр шенеунікке бір-бір ардагерден бекітіп беру қажет. Мұндай бастама Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғаына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған ардагерлер ұйымы кеңесінің отырысында көтерілді. Парламент мәжілісінің депутаты Ахмет Мұратовтың пікірінше, "Қазақстанда шенеунік көп, ардагер аз. Сондықтан оларды қамқорлыққа алуды әрбір шенеунікке жеке дара арнау керек".


Ахмет Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


Біздің Парламентте қанша отыратынымызды бір құдай біледі. Алайда әрдайым әлеуметтік қолдауды жақсартуды жалғастыра бермекпіз. Үкімет тарапы кейбір сәттерде "қолдау көрсете алмай жатырмыз" деп ақталады. Мәселен Шешенстанда баспанасыз, бақылаусыз жүрген ардагерді кездестірмейсіз. Әрбір ардагер қалай, қайда барып шағымданатынын біледі. Түрлі деңгейдегі басшылардың өзіне кіре алады. Бізде де солай болуы керек.


Сондай-ақ жиында Қазақстанда ардагерлердің үйлестіру органын құру мәселесі көтерілді. "Көптен бері шешілмей жатқан түйін көп. Мысалы, республика аумағында төрт жалпы қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Облыс, қала және аудандарда кішігірім бірлестіктер бар. Өкінішке орай, әлеуметтік көмекке зәру және баспанасыз ардагерлердің жалпы дерекқоры жоқ", - деді запастағы генерал-майор Марат Мәрденов.


Марат Мәрденов, запастағы генерал – майор:


Интернационалист жауынгерлерді баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметттік қамсыздандыру керектігі туралы заң 1995 жылы қабылданған. Алайда ол орындалып жатқан жоқ. Депутаттардың құр бос уәдесі қажет емес бізге. Бас прокуратураға хат жазып, заңның қалай орындалып жатқанын тексеру қажет. Заң не орындалсын, не алынып тасталсын.


Жұрағат БАМАН 

Алдыңғы жаңалық