$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Украинада «Нафтогаз» корпорациясының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
30.04.2015ж. 10:00
622
Украинада «Нафтогаз» корпорациясының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Украина Ішкі істер министрлігі «Нафтогаз» корпорациясының өкілдеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оларға 7,5 млрд гривна немесе 337 млн доллар көлеміндегі мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Арсени Яценюк хабарлады. Нафтогаз қызметкерлері құқық қорғаушылардың күдігін тудырғаны туралы бұған дейін де хабарланған. Нафтогаз бен кәсіпкер Дмитрий Фирташқа тиесілі OSTCHEM компаниялар тобының заңға қайшы әрекеттерінен мемлекетке 250 млн доллар шығын келген.

Ал сәуірдің басында «Нафтогаз» олигарх Дмитрий Фирташтың «Ostchem» компаниясымен соттасып, қарызының бір бөлігін өндіріп алды. Украинада ауқаттылар соғысы жүріп жатыр. Олигархтардың теке-тіресінде Ринат Ахметов, Дмитрий Фирташ, Игорь Коломойский және президент Петр Порошенконың есімдері аталады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах