$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Павлодарда Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған трамвай жолға шықты

AstanaTV
30.04.2015ж. 10:00
584
Павлодарда Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған трамвай жолға шықты

Павлодарда 5-ші бағыттағы трамвай, Жеңістің 70 жылдығына орай безендіріліп, жаңа кейіппен жолға шықты. Қоғамдық көліктің сыртқы бейнесі Жеңістің символикасына сәйкес қызғылт-қара түспен боялған. Мерекелік шараларда түскен, жергілікті майдангерлердің суреттерімен безендірілген салон да көз тартады.Ал, трамвай жүргізушісі Отан соғысы кезіндегі сарбаздардың формасын киді. Жеңіс күніне арналған трамвайдың алғашқы жолаушылары - ардагерлер мен тыл еңбеккерлері. Олар бұл шараға арнайы шақырылған. Қоғамдық көлікке отырған жолаушылардың әрқайсысына, жастар гүл сыйлады. Бұл бағыттағы қоғамдық көлік шаһарды толықтай айналып өтеді.

Бозжігіт Тұрғанбекұлы, тыл еңбеккері:

Жетпіске жеткендер де бар, жетпегендер де көп қой. Азайып қалдық біз ардагерлер. Мұндай шара бұрын болмаған. Қазір ардагерлерге көрсетіп жатқан құрметтеріне көптен көп рахмет айтамыз.

Әсем МҰХИТОВА


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах