$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Астанада «Жеңіс жолдарымен» атты жастар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті

AstanaTV
30.04.2015ж. 10:00
2085
Астанада «Жеңіс жолдарымен» атты жастар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті

«Жеңіс жолдарымен». Астанада Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына арналған жастар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті. Мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам жас талант қатысты.

Сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Концерттің құрметті қонақтары - Отан соғысының ардагерлері. Гала-концертке «Жеңіс жолдарымен» фестивалінің әр облыста өткен іріктеу турларынан топ жарып шыққан өнерпаздар қатысты. Жас әншілер соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, сол ауыр кезеңнен сыр шертетін сахналық қойылымдар қойды. Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Беларуссиядан келген жас әншілер концерттің  қонақтары ретінде өнер көрсетті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ