Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде нұротандықтар бөбектердің тұсауын кесті

AstanaTV
01.06.2016ж. 20:00
1412
Ақтөбеде нұротандықтар бөбектердің тұсауын кесті

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған депутаттар бөбектердің тұсауын кесті. Олар Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Үміт» сәбилер үйінің кішкентай тұрғындарын мерекемен құттықтап барған болатын. Ел ағалары енді ғана қаз-қаз басып, жүруге талпынған сәбилерге ақ жол тіледі.

Бұл шара партияның «Бақытты балалық шақ» атты дәстүрлі  жобасы аясында ұйымдастырылған. Биыл 4-ші рет өткізіліп отырған шара барысында Хатидже, Данил, Әлинұр есімді сәбилердің тұсауы кесілді. Бөбектер үйінде 56 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Олардың үлкені 5 жаста болса, ең кішкентайы өткен айда дүниеге келген. Арасында ата-аналары бас тартқан мүмкіндігі шектеулі 23 бала бар. Ал жалпы облыста ата-ана қамқорынсыз қалған және жетім балалар саны 1193. Оның 234-і балалар үйлерінде тәрбиеленіп отыр. Депутаттар сәбилерге мерекелік сый-сияпат жасады. Ел ағалары алдағы уақытта да «Үміт» балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қолдау көрсетіп тұрмақ.

Нұрхан Ақниязов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Жаңадан қадам басып жатқан баланың әрі қарай жолы болсын деп, тұсау кесу рәсімін өткізеді. Тұсау кесу рәсімін елдегі абыройлы азаматтарға, соған ұқсасын деп, сондай үлкен азаматтарға кестіреді. Бүгін біз осы балаларымызға өзіміздің «Нұр Отан» партиясының мүшелері, облыстық, қалалық депутаттарын әкеліп отырмыз. 

Мансұр ЕСҚОЖИН