Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сенат депутаттары: Биылғы Президент сайлауы өте тарихи кезеңде өтуімен ерекшеленді

AstanaTV
01.05.2015ж. 20:00
1025
Сенат депутаттары: Биылғы Президент сайлауы өте тарихи кезеңде өтуімен ерекшеленді

Биылғы Президент сайлауы өте тарихи кезеңде өтуімен ерекшеленді. Сенат депутаттарының пікірі осыған саяды. Парламенттің жоғарғы палатасы өкілдерінің айтуынша, сайлауға елдің бір кісідей атсалысуы халықтың саяси белсенділігін көрсетеді. Отандастарымыздың азаматтық жауапкершілігінің жоғары деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Осы ретте сенаторлар мемлекетті бүгінгідей дәрежеге жеткізген тұлға Елбасымыз ел дамуын одан әрі жалғастыра береріне сенімді.

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекетімізде жас буын келді. Елдің келешегіне үлкен саяси жауапкершілікпен қарайтын азаматтар келді. Бұл өте қуантады, біздің президентімізді халықты біріктіруші, ұйытушы тұлға ретінде тағы бір көрсетті.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекетті сақтап қалу үшін, бір ұлы адамның өзі жеткілікті, деген сөз бар. Халықтың жағдайын жасап, экономикамызды, шекараны сақтап, ұлтараздыққа жібермей, халқымызды татулыққа бастап, осының арқасында Қазақстан Ресейден кейінгі экономикасы қарқынды дамыған елге айналды. Осындай жағдайды жасаған Елбасы ары қарай да өз жоспарларын жүзеге асыра алады.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қазақстан қазақ мемлекетін бүгінде толық құра алды. Бүкіл мемлекеттік институттарын толық құрды. Толық біртұтас ел ретінде негізделіп болды, енді алдағы реформа, мемлекет дамуының ерекшеліктерін көрсететін реформа - ол қазақстандықтардың жағдайын жасау, ол үшін ең алдымен, Елбасымыз айтқандай, орта таптың жағдайын жасау. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА