Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Еңбек ардагерлері отандастарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

AstanaTV
01.05.2015ж. 20:00
3583
Еңбек ардагерлері отандастарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Қазақстандықтар бірлік пен тұрақтылықтың қадірін білуі керек. Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні астаналық еңбек ардагерлері осы екі ұғымның маңыздылығын атап өтіп, отандастарымызды мерекелерімен құттықтады. 

Соғыстан кейінгі ауыр кезеңді бастан өткерген Григорий Шишов 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше ықыласпен күтеді. Еңбек ардагері бұл күн бірлік пен тыныштықтың, ауызбіршіліктің символына айналғанын айтуда. «Сұрапыл соғыста бейбіт аспанды аңсаушы едік. Енді міне, сол арманымыз орындалып, көп ұлтты Қазақстан халқы, өскелең ұрпағымыз еркін әрі бірлігі жарасқан мемлекетте өмір сүруде», - дейді.

Григорий Шишов, еңбек ардагері:

Біз осы жерде туып, жетілдік. Бұл біздің туған мекеніміз. Қатарластарымыздың көбі қоныс аударған. Бірақ бізге туған жердің топырағы ыстық. Осы жерде ұрпақ жалғастырып, үбірлі-шүбірлі болып жатырмыз. Басында тек Шишовтар отбасы болсақ, қазір балаларымыз Ыбыраевтар, Дүйсембиндер отбасы болып қазақ тектерін алып жатыр.

Григорий Шишов 18 жасынан бастап еңбек ете бастағанын еске алады. Мектепті бітіре сала жұмысқа орналасқан, кейін әскерден келіп, Ташкенттегі байланыс институтына түскен. Қазір жасы жетпістен асса да, Григорий атаның қол қусырып отырғысы жоқ. Ардагер жаңа технологиямен танысып, компюьтерлік графиканы үйренуде. Өскелең ұрпақ еңбектеніп, бейбіт ғұмырдың қадірін білсе ғана, келелі болашаққа алаңсыз қарай аламыз, - дейді ардагер.

Григорий Шишов, еңбек ардагері:

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет болса да, өз жерінде бейбітшілік пен бірлікті орната білген мекен. Осындай жерде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Мен барлық қазақстандықтарды осы бірлік мерекесімен құттықтаймын. Басқа елдер бізден үлгі алсын. Барлықтарыңызға бақыт, амандық тілеймін. Аспандарыңыз әрдайым ашық болсын.

Ел-жұртты бір шаңырақ астында ұйыстыратын тек ауызбіршілік. Сондықтан тұрақтылығымызды, тыныштығымызды бағалай білейік, - дейді ардагер.

Жұрағат БАМАН