Бүгінгі
таңдауымыз - тарихи маңызы бар ұлы таңдау. Руханият өкілдері Президент
сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісін осылай сипаттайды. Кемеңгер
көшбасшымыз әрдайым халықпен бірге, ішкі
және сыртқы саясатпен қатар, Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық
мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға.
Сондықтан көшбасшымыз барда жарқын болашағымызға кәміл сенімдіміз, дейді.
Несіпбек
Айтұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:
Халқыңыз
қуаныштан шашқан жаһұт, көтеріп төбесіне
аспандатып. Тізгінін тағы ұстатты өзіңізге, Нұр аға, бар ма бұдан асқан бақыт?!
Тұлғасыз туа қалған ел бағына, қалқан боп қатты
соққан жел жағына, арқалап алты алаштың ауыр жүгін жеткіздің
қазағыңда араманына.
Айман
Мұсақожаева,
ҚР Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:
Құттықтаймыз.
Елбасына табыс тілейміз, бақыт тілейміз. Жаңа жетістіктерге жете берейік.
Талғат
Мамашев, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші
орынбасары:
Шет
елдегі 5 миллион қандастарымыздың атынан айтам, бүгін сырттағы ағайын өте
қуанып жатыр. Сырттағы ағайынның бір ғана ойы, арманы, алдағы мақсаттары Елбасымен
байланыстырылған. Өйткені бірінші күннен сырттағы ағайынға Елбасының
қамқорлығы -
осы жылы бізге 1 миллионнан астам адамның келіп,
қоныстануы, әлі де көштің жалғаса беруі. Қазақ халқы аман болсын, сырттағы
ағайынның көші толастамасын, тоқтамасын.
Әлібек
Асқаров,
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:
Бүгінгі
Елбасының,
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күнімен
бәріңізді құттықтаймын. Бұл үлкен, ел өміріндегі белесті кезең. Қазастан
тарихындағы, қазақтың тарихындағы үлкен кезеңді тарихи жаңалық
деп есептеймін.
Қыдырәлі
Болманов,
ҚР еңбегі
сіңген әртіс:
Бүгінгі
таңда Аллаға сансыз мадақ, Азияның барысына айналдық. Еңсемізді тіктедік. Әрі
менің өнер адамы ретінде айтарым, біздің Елбасымыздың
мәдениетке көзқарасы, өзінің халық
әндерін өте жақсы білуі, әр сөзін ұмытпауы,
шынымен,
таң қалдырады. Әсіресе, ұлттық дәстүрін, өнерін білген
ондай Елбасы
басқа елде жоқ деп есептеймін.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА