Қазақстанның
Жерді қашықтықтан зондтау аппараты шығынды он жылда ақтайды. Бүгін Сенаттың жалпы
отырысында Аэрорғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев осыны мәлімдеді.
Талғат
Мұсабаев, ҚР
Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
Бүкіл
әлем, ғарыш саласы дамыған Ресей, АҚШ, Үндістан, Франция секілді елдерде
осындай аппарат бар. Мұндай жер серіктері пайда табу үшін емес, мемлекеттің
мүддесі үшін керек екені құпия емес. Олар кеткен шығынды тез ақтай қоймайды,
кейде тіпті ақтамайды. Біздің жер серік кеткен қаржыны шамамен 10 жылдан кейін
қайтарады деп ойлаймыз. Қайтармауы да мүмкін. Үкіметтің қалай шешкеніне
байланысты болады.
Айта
кетейік, Франция мен Қазақстан арасындағы жерді қашықтықтан зондтау жүйесі мен
сынақ кешенін құру жобасының құны 69,6 млдр теңге. Мұсабаевтың сөзінше, бұл
жобаға ТМД елдерінде балама жоқ. Сондықтан біздің спутниктер түсірген
суреттерді сатып алуға 10 шақты ел ұсыныс білдіріп жатса керек.
«Жер серігі Қазақтанның
қорғаныс саласына, агарарлы секторына аса қажет. Ол іске қосылса, су
тасқындарының алдын алуға болады»,- дейді. Бір қызығы - Қазақстан
топографиялық картада әлі күнге дейін 1942 жылы, яғни соғыс кезінде жасалған
координат жүйесін пайдаланады екен. Қазіргі уақытта жаңа аппаратқа лайықтап,
электронды карта әзірленіп жатқан көрінеді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ