Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаушылар қатары толастар емес

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
991
Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаушылар қатары толастар емес

Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаушылар қатары толастар емес. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда әртарапты және тығыз қатынастар орнатты. Ол алдағы уақытта да Қазақстан халқы мен  бүкіл аймақ игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан  Президенті болып сайлануымен Германия  канцлері Ангела Меркель құттықтады. Құттықтау жеделхатында Меркель Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтай келе, «Қазақстан Германия үшін маңызды серіктес болып қала беретінін» жеткізді. Германия канцлері Қазақстан Президентінің қойылған міндеттерді одан әрі жүзеге асыру бағытындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландтан құттықтау жеделхатын алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Олландтың Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтаған жеделхатында,«Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өткім келеді, бұл менің таяуда сіздің елге жасаған сапарымда айқын көрінді», - деген жолдар бар. Франция президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты екі елдің игілігі үшін одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА