Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жұмыс орындарын ұлғайту үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғаса бермек

AstanaTV
06.05.2015ж. 10:00
844
Жұмыс орындарын ұлғайту үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғаса бермек

Жұмыс орындарын ұлғайту үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыру ісі жалғаса бермек. Бүгінде «ҚазАгро» акционерлік қоғамының инвестициялық портфеліне құны 315 миллиард теңгені құрайтын 506 жоба енгізілген. Бұл 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіншілігін тудырады. Бұл жөнінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Махажанов хабарлады. Оның мәліметінше, биыл аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылмақ. «Аталмыш жобалардың 371-і іске қосылды. Ал 236 инвестициялық жоба 70 пайыздан астам өндірістік қуаттылыққа жетті» - деді Махажанов.

Дәурен Махажанов, «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жалпы құны 39,3 миллиард теңгені құрайтын 73 жоба холдингпен қаржыландырылды. Ал биыл 50 миллиард теңге сомасындағы 75 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарлануда.

Жұрағат БАМАН