Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Домалақ арыз ішкі істер департаментін дүрліктірді

AstanaTV
05.05.2015ж. 20:00
1889
Домалақ арыз ішкі істер департаментін дүрліктірді

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне министрліктен келген комиссия кешенді түрде тексеру жүргізбек. Оған жергілікті полиция қызметкерлерінің басшылықтың үстінен шағымдануы себеп болды. Бұл ақпаратты бүгін  облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев  растады.

Әлеуметтік желі арқылы тараған хатта "қылмысты аша алмаған ІІД жеке құрамының толықтай түсініктеме жазғаны" айтылады. Тәртіп сақшыларының 80 пайызы жазаланған көрінеді. "Осыдан соң полиция қызметкерлерінің кінәсіз адамдарды кез-келген жолмен жасамаған ісін мойнына алуға мәжбүрлеуден өзге амалы қалмады" делінген авторы белгісіз хатта. Қазір осы хаттың негізінде қызметтік тексеру басталып кетті.

Сағат Мәдиев, БҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары:

Барлық бұйрық министрліктен түседі. Қойылған талаптар да заң аясында. Шектен шыққан ештеңе жоқ. Осы домалақ арыз бойынша Ішкі істер министрлігі департаментті жан-жақты тексереді. Арыздың қаншалықты қисынды екенін осы тексеру жұмыстары анықтап береді.

Еркін КАРИН

 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық