Қазақстандағы ірі сауда орындары «Қазақстанда жасалған» акциясын жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазақстанда жасалған» акциясын алғашқылардың бірі болып қолдаған белсенділер бұл шараны тоқтатпауға бел буған. «Отандық өнімді сатып алудың маңыздылығы түсіндірілді. Акция өтіп жатқан үш ай мерзімде белсенділер 222 cупермаркетті аралады. Мониторинг нәтижесі бойынша супермаркеттердің 86 пайызға жуығы осы акцияны жалғастырып жатқаны белгілі болды»,- деді белсенді.
Сонымен қатар, ұйым жетекшісі
кей сауда орындары халықтың отандық тауарларға назарын аударуға әлі де
немқұрайды қарайтынын жеткізді. Супермаркеттердің жартысына жуығында жұмыс
істеп жүргендер «Қазақстанда жасалған» шарасының маңыздылығын түсіндіре
алмаған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА