Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Балтиморда ахуал тұрақтанып келеді

AstanaTV
05.05.2015ж. 10:00
976
Балтиморда ахуал тұрақтанып келеді

Құрама штаттардағы Балтимор қаласында ахуал тұрақтанып келеді. Бұған қала басшысының коменданттық сағатты тоқтату туралы шешімі себеп болды. Еске салсақ, тәртіпсіздік салдарынан шаһарда сәуірдің 27-сінен коменданттық сағат жарияланған болатын. Өз сөзінде қала мэрі, сабыр сақтағандары үшін Балтимор тұрғындарына алғысын білдірді. Тәртіпсіздік 25 жастағы афроамерикалық Фредди Грейді полицейлер қолға түсіру кезінде басталған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, тәртіп сақшылары оның омыртқасына ауыр зақым келтірген. Грей комаға түсіп, күрделі ота жасалды. Алайда, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болмады. Осы оқиғадан кейін қалада наразылық шаралары басталды. Ереуілдеген топты тыныштандырпу үшін Балтиморға Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылды. Грейді құрықтауға ат салысқан алты полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Прокурорлар ақпарынша, афроамерикалық азаматтың денсаулығына зақым келтірген офицерге, «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. АҚШ Президенті Барак Обама да бұл жайтты назардан ұстайтынын мәлімдеп, құқық қорғау органдарын тергеуді жан-жақты әрі объективті жүргізуге үндеді.

Әсем МҰХИТОВА