$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Алдағы мереке күндері қазақстандықтар 4 күн демалады

AstanaTV
05.05.2015ж. 10:00
1719
Алдағы мереке күндері қазақстандықтар 4 күн демалады

Алдағы мереке күндері қазақстандықтар 4 күн демалады. Атап айтар болсақ, 7-ші мамыр «Отан қорғаушылар» күні ресми түрде демалыс. Ал келесі күні, яғни 8-ші мамыр жұмыс күні болып саналады. 9,10,11-ші мамыр күндері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай күнтізбеде қызыл күндер болып белгіленген. Еске салсақ, Отан қорғаушылар күні Елбасының қатысуымен әскери салтанатты шеру өтеді. Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған түрлі шаралар, бас қала тұрғындары мен меймандарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ. 9-шы мамыр күні қала көшелерінде жеңіл атлетика бойынша эстафеталық жарыстар өтеді деп жоспарлануда. Ал, мәдени астанамыз Алматыда осы күндері отандық, Польша және АҚШ әскери оркестрлерінің қатысуымен концерттер өтеді.

 
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА