$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Тәжікстан экстремистерден қорғануда

AstanaTV
05.05.2015ж. 10:00
754
 Тәжікстан экстремистерден қорғануда

Экстремистерден қорғанған Тәжікстан, Ауғанстанмен шекаралас аумақтарында, екінші қорғаныс желісін жасақтап бітірді. Бүгінде екі елдің шекарасының ұзындығы 1 мың 344 шақырымнан асады. Интерфакс агентігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Құндыз провинциясында қауіпсіздік күштері мен тәліп содырлары арасындағы болған қақтығыстан кейін, осындай шешім қабылданған. Еске салайық, Ауғанстан бұқаралық ақпарат құралдары әскери операция өтіп, 28 тәліп қаза тапқаны туралы хабарлаған еді. Содырлары мен жергілікті қауіпсіздік күштері арасында атыс әлі аяқталмаған. Қазір ауғандық әскерилер, Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымындағы одақтастармен байланыс орнатқан, сондай-ақ Тәжікстан өзінің шекарасындағы жағдайды бақылауға алуға қабілетті деп жазады ақпарат агентігі. Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер, яғни Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей, өткен айда Тәжікстанға көмек көрсетуге уағдаласты.

Еркін КАРИН 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах