Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайлық ардагер пандус орнатуды сұрайды

AstanaTV
04.05.2015ж. 13:00
1025
Қостанайлық ардагер пандус орнатуды сұрайды

Қостанайлық ардагер Александра Боронина, Жеңістің 70 жылдық мерекесіне қатысуды армандайды. Қол арбаға таңылған жалғызбасты қария көп қабатты үйде тұрады. Арнайы баспалдақ болмағандықтан, қарияның далаға шығуы мұң. Отан соғысының ардагері жергілікті биліктің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Александра Боронина сұрапыл соғыс жылдары медбике қызметін атқарған жан. Талай жауынгердің жанын сақтап қалдым-дейді майдангер. Ерен ерлігі үшін кеудесіне оннан астам төс белгі тағылған. 92 жастағы ардагердің соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, қол арбаға таңылыпты. Содан бері үшінші қабаттан төмен түсіп, жоғары көтерілуім тым қиындап кетті, дейді.

Александра Боронина, Отан соғысының ардагері:

Мен осылай отырудан, жатудан әбден жалықтым. Біз үшін, ардагерлер үшін арнайы пандус неге істей салмайды? Сонда емін-еркін өзіміз далаға шығып, қайта кіріп жүрер едік.

Қарияның өтінішін қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жеткізген едік. Алайда, ардагер тұратын үйге арнайы баспалдақ орнату мүмкін емес-дейді жергілікті шенеуніктер. Өйткені ғимараттың дәлізі өте тар. Бірақ Отан соғысының ардагерін, аптасына екі рет далаға шығарып, қайта кіргізетін екі адам тағайындағандарын айтты.

Сәлімжан Досымов, Қостанай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары:

Жеңіс күніне 9-мамырда біз ол кісіні апарамыз ескерткішке. Қасында болсын деп, еске алсын деп. Сосын біздің профсоюзный комитет бар ғой, бастығы Балбөпе Ертаева дейтін. Сол кісімен сөйлестік. Ол айтты жеті сайын ардагерді далаға саяжайға шығарады 1-2 сағатқа, бізде қарап көмек жасаймыз.

Заңғар САНАЙ