$516.01 €582.47 ₽6.26
×

АҚШ Конгресі қауіпсіздік шараларына бюджеттен қосымша 40 млрд доллар бөлді

AstanaTV
04.05.2015ж. 13:00
1087
АҚШ Конгресі қауіпсіздік шараларына бюджеттен қосымша 40 млрд доллар бөлді

АҚШ Конгресі Украинадағы жасақтарға қарсы күреске әскери ұшақтар жеткізуге 200 млн доллар бөлу бастамасын қолдады. Киевке қаржылай көмек көрсетуден өзге, бұл құжатта Гуантанамо түрмесіне жүздеген миллион доллар бөлу мен Ирак әскерилерінің оқу-жаттығу жұмыстарына жәрдем беру қарастырылған. Бұл бағытқа Құрама Штаттар бас-аяғы 600 млн доллардан астам ақша бөлді.

Рейтерстің хабарлауынша, Киевке көмек бастамасын алпыс конгресмен қолдап, екеуі қарсы шыққан. Алайда Барак Обама да қару-жарақпен көмектесуге қарсы. Жақында Конгресс қауіпсіздікке қарастырылған 2016 жылдың бюджетін қосымша 40 млрд долларға ұлғайтты. Есесіне Вашингтон елдің әлеуметтік шығындарын қысқартты. Алдағы аптада сенат соңғы 10 жыл бойы мемлекет жұмсаған қаржыны 5 триллион долларға ықшамдауды жоспарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ