Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өскеменде соққыға жығылған сәбидің ата-анасы табылды

AstanaTV
02.07.2014ж. 20:00
1066
Өскеменде соққыға жығылған сәбидің ата-анасы табылды

Ауыр соққымен ауруханаға түскен Ильяс есімді балдырғанның денсаулығы қалпына келуде. Мұны арнамыздың тілшісіне аурухана қызметкерлері телефон арқылы хабарлады. Алдыңғы жаңалықтарымызда Өскемендегі ана мен бала орталығына дене жарақаттарын алған сәбидің жеткізілгенін айтқан едік. Баланы әкелген әйел өзін оның туысымын деп таныстырған. Ол Ильястың жаралану себебін абайсызда төсектен құлап кетті деп түісіндірді. 

Рая Рақымова, Өскемен қалалық Ана мен бала орталығының директоры:

Баланың біздің орталықта жатқанына бір аптадай уақыт өтті. Ол денсаулығы қалпына келмейінше, нейрохирургия бөлімінде әлі екі аптадай жатады. Мамасы келді. Ол полицияға да барды. Біздің білуімізше, ол ата-аналық құқықтан айырылмаған. Сондықтан бала анасымен жатыр қазір.

Біздің арнадан берілген материалдан кейін, баланың ата-анасы ауруханаға барған. Бұл мәселеге тілшілердің араласқанын қаламаған баланың әкесі шу шығарған соң, аурухана қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болады. Кейіннен жұбайлардың бірнеше айдан бері бөлек тұратыны белгілі болды. Бірақ ресми түрде ажыраспаған көрінеді. Қазір баланың әкесі полицияға жауап беруде.

Бақытжан Торғаев, Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің бастығы:

Бала айыққаннан кейін, біз сараптама тағайындаймыз. Осы сараптама қорытындысы бойынша, баланың дене жарақатын алуы төсектен құлағаннан болғаны, болмағаны тексеріледі. Сонымен қатар, айта кету керек, бұл отбасының жағдайын енді комиссия шешетін болады.

Жұрағат БАМАН