Польшағы
Президент сайлауында Ярослав Качинскийдің «Заң және әділдік» партиясы атынан
додаға түскен Анджей Дуда жеңіске жетті. Рейтерстің хабарлауынша, Экзит-полл
нәтижесі бойынша, респонденттердің 53 пайызы Дуда үшін, 47 пайызы Коморовскийге
дауыс беріпті. Коморовский өз жеңілісін мойындап, Анджей Дуданы жеңісімен
құттықтады. Өз кезегінде ол президент сарайының есігі кез-келген демократиялық
бастамалар үшін ашық болатынын айтты. Экзит-полл нәтижесі кеше жариялануы
керек-тін, алайда Силезиядағы қайғылы оқиға байланысты тыныштық тәртібін
ұзартуға тура келді. Дауыс беруге келген жергелікті азаматша бюллетень алу
кезінде есінен танып көз жұмды. Өмір мен өлім арасындағы күрес барысында дауыс
беру уақытша тоқтатылды. Сайлау барысында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер
нәтижесі бойынша Коморовский топ бастаған. Алайда Дуда іс басындағы Польша
билігінің экономика дамуындағы олқылықтарын ұтымды пайдаланып, сайлаудың екінші
турында басымдыққа ие болды.
Бронислав
Коморовский, Польша президенті:
Демократия
принциптері тек сайлау нәтижесін мойындаумен ғана шектелмейді, оған
сыйластықпен қараумен ерекшеленеді. Сондықтан, Анджей Дуданы жеңісімен
құттықтап, оған президенттік қызметте табыс тілеймін.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ