Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Батыс Қазақстандық жол сақшылары жеке такси жүргізушілерімен күресуде

AstanaTV
25.05.2015ж. 10:00
940
Батыс Қазақстандық жол сақшылары жеке такси жүргізушілерімен күресуде

Батыс Қазақстандық жол сақшылары аудандарға қатынайтын жеке такси жүргізушілерімен күресуде. Өйткені, олардың бұл іске рұқсаты жоқ, әрі жүргізушілердің денсаулығы мен көліктерінің жағдайын ешкім тексермейді. Осының кесірінен жол апаты көбейген - дейді, Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында. Ал тасымалмен заңды түрде айналысатын мекемелер табысына ортақтасып, жолаушыларын қағып әкеткен жеке таксишілердің қара тізімін жасап, көліктердің мемлекеттік нөмірін полицияға тапсырды. Енді рұқсатсыз адам тасығаны анықталған заңсыз такси жүргізушілері кемінде 8 мың теңге айыппұл төлейді. Алайда, салық пен айыппұлдан жалтарғандар мұның да амалын тауыпты. Олар енді облыстың бес ауданына апаратын күре жолдың бойындағы полиция бекетін басқа жолмен айналып өтуде. Қазір облыс бойынша, 300-ден астам жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме бар. Ал жеке таксишілердің қанша екенін ешкім білмейді. Сондықтан, оларды ұстап, жазаға тарту - қиынның қиыны дейді көлік инспекциясы өкілдері.

Марат Түрікпенов, БҚО Жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі таңда тек 8 ауданда таксилер заңды түрде ұйымдастырылған. Қалғандарында ұйымдастырылмаған. Олармен жұмыс істеген қиын енді, олар көп. Әрбір елді мекенде 10-15 санды жеңіл автокөлік машина бар, олар заңсыз жолаушы тасымалымен айналысады. Жүргізушілер рейсалды медициналық бақылаудан өтпейді, шағын автобустар да рейсалды техникалық байқаудан өтпейді.

Еркін КАРИН