Ақмола
облысында қырылған киіктердің саны 4 мыңнан асты. Бұл туралы облыстық орман
инспекциясы хабарлады. Бірақ, құзырлы органның өкілдері киік өлекселері одан да
көп болуы мүмкін екенін болжайды. Себебі, қырылған ақбөкендердің жаңа
«ошақтары» күн сайын табылуда. Жақсын ауданының аймағында «карантин»
жарияланған. Онда 1 мың 200 өлексе өртеліпті. Десек те, жергілікті әкімдік
қазіргі күні 30-40 шақырым радиуста қырылған киіктер табылмағанын мәлімдеуде.
Қазақстанның Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында киіктердің жаппай
қырылуы өршіп тұр. Ғалымдардың мәліметінше, дала жануарлары пастереллезден өліп
жатыр. 2013 жылғы ақпарат бойынша, Қазақстанның территориясында киік саны 187
мың болған. Соңғы деректерге сүйенсек, еліміз аумағында соңғы бірнеше күнде
қырылған киіктер саны тоқсан мыңға жуықтайды.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ