$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда 10 жасар қыз баланы зорламақ болған азамат құрықталды

AstanaTV
22.05.2015ж. 13:00
1264
 Павлодарда 10 жасар қыз баланы зорламақ болған азамат құрықталды

Керекуде 10 жасар қыз баланы зорламақ болды деген күдікпен бір адам құрықталды. 1975 жылы туған сезікті бүгінде уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің отбасы бар, екі баланың әкесі. Әзірге оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар жоқтығы туралы ақпарат жоқ. Куәгерлердің айтуынша, мамырдың 19-і күні кешкісін Ворушин көшесіндегі аулалардың бірінде, ойнап жүрген балаға күдікті жақындап, «қызын іздеуге көмектесуін» сұрапты. Кейін тасалау жерге апарып, кәріз құдығына түсірген. Балғынның айқайын естіген тұрғындар бірден дауыс шыққан жерге жүгіреді. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметіне сай, күдіктіге қатысты, «зорлауға әрекеттенді» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, жәбірленуші бүлдіршінмен психолог мамандар жұмыс істеуде.

Сергей Быковских, куәгер:

Бірден құдыққа бардым. Қарасам, қыз баланы шешіндіріп үлгеріпті. Бірақ, ештеңе істемеген. Балаға тез шық дедім де, балкондағы әйеліме полиция шақыр деп айқайладым. Көршім келді. Әуелде, ол қашуға әрекеттенді. Жылап, жіберуімізді өтінді. Көнбеген соң, бір-екі рет жұдырық жұмсауға тура келді. Сақшылар келгенше, құдықтан шығармадық.

Әсем МҰХИТОВА