Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысында өзен суының көтерілуінен көне қабірлердегі адам сүйектері жер бетіне қалқып шықты

AstanaTV
22.05.2015ж. 20:00
1112
Павлодар облысында өзен суының көтерілуінен көне қабірлердегі адам сүйектері жер бетіне қалқып шықты

Павлодар облысының Лебяжі ауданында өзен суы көтеріліп зиратты басты. Салдарынан көне қабірлердегі адам сүйектері жер бетіне қалқып шыққан. Аяқ астында шашылып жатқан адам қаңқаларын тұрғындар өздері жинап, жер қойнауына қайта тапсыруда.

Көнекөз қариялардың айтуынша, мұндай оқиға соңғы 20 жылдан бері әр көктем сайын қайталанып келеді. Ауыл тұрғыны Владимир Серебряков үшін бұл үйреншікті көрініске айналған. Ыңғайы келсе, мүрделерді жинап, жерлеуге тырысады. Сондай-ақ ол мәселені бұлай назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтады. Өйткені жағалауда шашылған қалдықтар бүгінде тіпті балалардың ойыншығына айналған. 

Владимир Серебряков, Аққу ауылының тұрғыны:

Күн жылынса, балалар шомылып, жағалауда жүреді. Сүйектерді алып, ойнап жүргендер де кездесті. Құм арасынан темір ақшаларды тауып алғанын да көрдім. Бұған дейін бірнеше рет қапқа салынған адам сүйектерін қайта көмдік. Қаңқалар жиырма жылдан бері жатыр мұнда.

Ақсақалдар ертеректе бұл маңда шіркеу мен мектептің болғанын айтады. Тек қабірлердің барын ешкім білмейді. Ал жергілікті биліктің ақпарынша, аталған аумақта шамамен ғасыр бұрын үлкен зират болған. Қалқып шыққан қаңқалар сол көне қорымдардарда жерленген адамдар болса керек,- дейді. Атқамінерлер мәселені биыл толықтай шешуге уәде берді. 

Еңлік Балтабаев, Аққу ауылдық округінің әкімі:

Бұл сүйектердің тарихын қазіргі ақсақалдарымыз да білмейді. Біз осы жылы дұрыс рәсіммен осы сүйектерді жерледік. Су тасқыны түскеннен кейін тағы да осы жұмыс біздің қадағалауымызда.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ