Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында бүлдіршінді зорлап өлтірді делінген күдікті қылмысын мойындады

AstanaTV
22.05.2015ж. 20:00
1384
Жамбыл облысында бүлдіршінді зорлап өлтірді делінген күдікті қылмысын мойындады

Жамбыл облысында 3 жарым жасар сәбидің өлімі үшін айыпталып, қамалған күдікті өз қылмысын мойындады. Бұл жайында бүгін облыстық ІІД баспасөз хатшысы мәлімдеді. 55 жастағы күдікті - Қырғызстан азаматы екен. Тергеу барысында анықталғандай, ол баланы далада жүрген жерінен алдап-сулап ауласына шақырып алған. Сонан соң баланы буындырып өлтіріп, өлгеніне көзі жеткен соң арам ойын іске асырғанын айтады. Бұл теріс пиғылын ол тергеу барысында толықтай мойындап, қылмыс орнын да көрсеткен.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Күдікті тергеу барысында жас баланы өлтіргенін толық мойындады. 55 жастағы ер адам сексуалдық зорлық жасау мақсатында баланы күшпен үйге алып барып, тұншықтырып өлтіргені анықталды. Бұл қылмыскер бірінші баланы өлтіріп, содан кейін зорлаған. Баланы алдап үйіне кіргізіп алып, 16 мамыр күні шамамен түстен кейін өлтіргені анықталып отыр.

Еске салайық, кешегі жаңалықтарымызда Меркі ауданы, Ақермен ауылында 3 жарым жасар сәбиді асқан айуандықпен өлтірген жантүршігерлік оқиға жайында айтқан болатынбыз. Әлімқұловтар отбасы жалғыз баласы Жаснұрдан 16 мамырда көз жазып қалған. Ал, ертеңіне таңғы сағат жетіде Жаснұрдың мәйітін «тоңазытқыш ішінен тауып алдым» деп көршінің әйелі көтеріп әкелген.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ