Қырғыз Президенті
Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа
қосылуы жөніндегі халықаралық шарттарды ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Рәсім Жогорку Кенеш спикерінің, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі мен
бірқатар шет мемлекеттер елшілерінің қатысуымен өтті. Атамбаевтың айтуынша,
«Енді Қырғызстан экономикасы алыпсатарлыққа негізделген ел емес, қарқынды дами
бастаған елге айналмақ». Өйткені, Қырғызстан тауарларының 200 миллион
тұтынушысы бар кеңістіктегі нарыққа енуіне ешкім кедергі болмайды. Алмазбек
Атамбаев аса көп жұмыс істеуге тура келетін атап өтті. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың құрамында
болу ел мүдделеріне сай деп санайды.
Берік ХАСЕНОВ