Тамақтан
ұшынып ауруханаға түскен Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің шәкірттеріне «өткір
гастроэнтороколит» деген диагноз қойылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі жазбаша хабарлама таратты. Еске
салайық, 3 күн бұрын лицей шәкірттері өздерін жайсыз сезініп, денсаулықтарына
шағымдана бастаған. Сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды. Мектеп асханасына
тексеру шаралары жүргізілген. Ал, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері
науқас балғындардың жағдайын «орташа» деп бағалады. Соңғы жарты жылда аталған
білім ордасында мұндай жағдай үшінші рет қайталанып отыр. Өткен жылдың
желтоқсанында аталған мектепте түскі ас ішкен оқушылардың 37-сі дәрігер
көмегіне жүгінген болатын. Ол кезде лицей асханасынан «стафилококк бактериясы»
табылған еді.
Заңғар
САНАЙ