Қарағанды
облысы Заречное ауылында қаһарман тәртіп сақшысы Қайрат Жұмабековтың атына көше
берілді. Жол полиция инспекторы осыдан 7 жыл бұрын, 130 оқушыны жол апатынан
аман алып қалу үшін, өз жанын пида еткен еді. Тәртіп сақшысы бастап келе
жатқан, балалар мінген автобусқа, кенеттен жүк көлігі қарсы келген. Осы кезде
инспектор ойланбастан, өз көлігін жылдамдатып көліктің алдына тосқауыл болыпты.
Осы ерлігі үшін Қайрат Жұмабековке, ел Президентінің жарлығымен 3-ші дәрежелі
«Айбын» ордені берілді. Оның бұл көзсіз ерлігін көптеген қарағандылық құрмет
тұтады. Марқұмның есімі ол туып-өскен ауылдағы орталық көшеге берілді. Ал, өзі
оқыған мектебіне ескерткіш тақта орнатылыпты. Аймақтағы көптеген білім
ошақтарында Қайрат Жұмабековтың сол оқиға кезіндегі әрекеті туралы арнайы
дәрістер өтіп тұрады.
Шолпан
Жұмабекова, Қ. Жұмабековтың анасы:
Қаншама
баланы аман алып қалып, өзі кетті. Бл жасап жатқан үлкен шара үлгі жастарға,
ауылға, кәріге, бәріне. Мен баламның өзінің аман қалмағанын... армандаймын.
Енді маған Қайратым жоқ. Сонда да оның атағы қалды.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ