«Сирия
әскеріне қарсы соғыс жүргізіп жатқан «Ислам мемлекеті» тобының содырлары, көне
қала - Пальмираны толықтай өз бақылауына алды», деп жазады «Рейтерс» агенттігі.
Діни кітаптарда жазылғандай, бұл қала Сүлеймен патша тұсында Дамаск пен Евфрат
өзендерінің арасындағы шөлді алқапта бой көтерген. Кейін Пальмира қаласы, Шығыс
пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда орталығына айналған. Тарихшылар
Пальмирадағы жағдайға алаңдаулы, өйткені мұндағы сәулеті келіскен көне
ескерткіштердің біразы қиратылған. Сирия ежелгі ескерткіштерді қорғау
департаменті «бірнеше мүсіндер қауіпсіз жерлерге көшірілгенін» хабарлады. Бірақ
ірі тасымалдау мүмкін емес, сондықтан қауіп туындағандықтан әлемдік
қауымдастықтан көмек сұрайды. «Ислам мемлекетінің» содырлары тарихи маңызы зор
архитектуралық нысандарды қасақана жойып жатыр. Айта кетейік, ежелгі Пальмира
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы танылған болатын.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ