Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8-ші астаналық экономикалық форумға қатысады

AstanaTV
22.05.2015ж. 10:00
1150
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8-ші астаналық экономикалық форумға қатысады

Елордада 8-ші астаналық экономикалық форум жалғасады. Шараның бүгінгі жұмысына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйлейді деп жоспарланған. Форумға 3 мыңнан аса делегат пен 200 мемлекеттен спикерлері келді. Басқосу барысында жиналғандар әлемдік экономиканың болашағын сөз етіп, мұнай бағасының төмендеуі мен елімізге жаңа инвестициялар тарту мәселелерін талқылауда. Жыл сайын өтетін форумға саясаткерлер, ғалымдар, БАҚ өкілдерімен, Нобель сыйлығының лауреаттары келіп пікірталастыруда. Айта кетейік, жыл сайын өтетін алқалы жиында ортақ келісім-шарттарға қол қойылады. Биыл да инвесторлар тарту мақсатында форум ұйымдастырушылары бірқатар құжаттар әзірлеп отыр. Астана экономикалық форумы - халықаралық және аймақтық диалог алаңы. Сондай-ақ, әлемдегі ірі халықаралық форум санатында.

Самат ҚАНАҒАТОВ