$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Лондон тұрғындарының үштен бірі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз қаражатқа күнелтеді

AstanaTV
22.05.2015ж. 10:00
 Лондон тұрғындарының үштен бірі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз қаражатқа күнелтеді

Ұлыбритания астанасы тұрғындарының үштен бірі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз қаражатқа күнелтеді. Бұл туралы ақпараттың жергілікті университет ғалымдары жариялап отыр. Зерттеу нәтижесі лондондықтардың 34 пайызы кедей екенін көрсеткен. Ал елдің басқа аймақтарында бұл көрсеткіш 27 пайызды құрайды. Зерттеушілер табыстың басым бөлігі баспана, көлік және денсаулық сақтау саласына жұмсайтынын айтқан. Көп балалы және толық емес отбасы үшін, шығын одан да көп деп отыр. Зерттеу барысында тұрғындарға «Лондон кез-келген азамат өмір сүретін қала ма, әлде тек қалталылар шаһары ма?» деген сауал қойылыпты.

Мансұр ЕСХОЖИН