Шымкентте
қырыққа жуық Қытай азаматы ұсталды. Заңсыз еңбек мигранттары «Келімсек -2015»
арнайы операциясы барысында анықталды. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
департаментінің полиция қызметкерлі мен Ұлттық қауіпсіздік департаменті үш күн
ішінде отыз тоғыз қытайлықтың заңсыз жүргенін анықтаған. Олардың тоғызы
әйелдер. Құзырлы орындардың дерегіне сүйенсек, келімсектер Қырғызстаннан шыққан
автобуспен Жамбыл облысына заңсыз өткен. Шымкентті бетке алған шетел
азаматтарының айтуына қарағанда әлдебіреулер оларды жұмысқа орналастыруға уәде
берген. Заңды белшеден басқандарға қатысты Қылмыстың іс те қозғалған, қазір
шетелдіктер Жамбыл облысына кері жөнелтіліпті. Сол жақта тергеу-тексеру
амалдары жүргізілмек.
Салтанат
Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Негізінде
бұлардың миграционный карточкалары жоқ, өздерінде және де паспорттарында өткен
күні, штамп жоқ. Шекараны өткен күні көрсетілмеген және де әр паспортта виза
көріну керек, оның бәрі жоқ. Өрескел бұзылған заңдардың, бәрі. Қазіргі таңда
осы азаматтарға байланысты ҚР ҚК 392 бабы бойынша қылмыстық іс қолғалды. Ол
Қазақстан Республикасының «әдейі шекараны бұзып өту» дерегі бойынша.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ