×

Оралдық шеберлер қазақ хандығының 550 жылдығына ағаштан мүсін арнады

AstanaTV
21.05.2015ж. 13:00
1267
Оралдық шеберлер қазақ хандығының 550 жылдығына ағаштан мүсін арнады

Оралдық шеберлер қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, кәрі ағаштан батырдың мүсінін жасады. Көп қабатты үйлердің бірінің жанындағы кесілген ағаштың түбірінен олар қанжарына сүйеніп, ойға батқан қазақ батырын бейнелеген. Бұл - жергілікті жас мүсінші Болатбек Баймағамбетовтың тырнақалды еңбегі екен. Әрі бұл туындының Орал қаласындағы осындай тәсілмен жасалған алғашқы ағаш ескерткіш екенін айта кету керек. Үйдің жанындағы ешкімге қажетсіз боп қалған қураған ағашқа жан бітірген шеберлердің бұл ісін үй тұрғындары да құптап, қолдау көрсеткен. Бір ай бойы тынымсыз еңбектің арқасында дүниеге келген батыр бейнесін енді шеберлер өз қорғауына алған.

Болатбек Баймағамбетов, мүсінші:

Қазақстаннан мен ондайларды кездестірген жоқпын, шетелдерде, жаңағы Ресейде, Белоруссия жақтарда мұндай нәрселер бар. Оларда кішкене дамыған. Біздерде ондай ағаштан мүсін жасау ондай көп дамымаған нәрсе. Өзімнің де ең үлкен жасап отырған бірінші жұмысым.

Еркін КАРИН