$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Қырылған киіктер саны 28 мыңға жетті

AstanaTV
21.05.2015ж. 13:00
1280
Қырылған киіктер саны 28 мыңға жетті

Қостанай облысы аумағында қырылған киіктер саны 28 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері мәлімдеді.

Боранбай Айтқожин, Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасына сәйкес, бүгінгі күнге дейін қырылған киіктер саны 27 мың 681-ге жетті. Жануарлардың қырылуына «Пастереллез» індеті себеп болуы мүмкін. Аталған қоздырғыш жануарлардың ағзасында табиғи қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуінен пайда болады.

Еске салайық, дала жануарларының қырылу фактісі, Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында мамыр айының 11-інде анықталған еді. Қазір бұл аумақта арнайы штаб құрылып, ақбөкендердің өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай орын алған аумақта 500-ден астам адам мен 76 арнайы техника жұмылдырылды. Ақбөкендердің қынадай қырылуы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында да жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес «Ырғыз -Торғай» табиғи резерваты аумағында 1300 киіктің өлексесі табылған.


Заңғар САНАЙ