$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Герман Греф: Ресей үшін экономикалық тығырықтан шығудың жолы Н.Назарбаев жариялаған 100 қадамда жатыр

AstanaTV
21.05.2015ж. 20:00
1114
Герман Греф: Ресей үшін экономикалық тығырықтан шығудың жолы Н.Назарбаев жариялаған 100 қадамда жатыр

Экономикалық өсімге кері әсерін тигізіп жатқан факторлардың теріс ықпалынан құтылу үшін, Ресей де 100 қадам жоспарын қабылдауы қажет. Астана экономикалық форумында Ресей жинақ банкінің басқарма төрағасы Герман Греф «Астана» телеарнасы тілшілеріне осылай деп мәлімдеді. Қаржыгер күні кеше жарияланған Ұлт жоспары заманауи Қазақстанды одан да биік белестерге шығарады деген сенімде. 


Герман Греф, Ресей жинақ банкінің басқарма төрағасы:

Бұл мен көрген құжаттардың ішіндегі ең үздігі деп айта аламын. Мұнда барлығы қамтылған. Өте жүйелі құрылған. 100 қадам толық орындалады деген үміттемін, тіпті оның  елуі орындалса да, Қазақстанның мүлде басқа мемлекетке айналары сөзсіз. «Ресей соңғы кездегі қиын жағдайлардың салдарынан құтылу үшін не істеу керек?» деген сұраққа орай «осындай 100 қадамды қабылдауы тиіс» дер едім. Басқа ештеңе ойлап табудың қажеті де жоқ. Тек 100 қадамды бірге жасау керек.   

Айгүл ӘДЕПБАЙ