Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыдағы «Қазпошта» бөлімінде автоматтандырылған желіге көшу нәтижесінде жұмыс өнімділігі 50 пайызға артты

AstanaTV
21.05.2015ж. 20:00
1021
Алматыдағы «Қазпошта» бөлімінде автоматтандырылған желіге көшу нәтижесінде жұмыс өнімділігі 50 пайызға артты

Алматыдағы «Қазпошта» бөлімінде автоматтандырылған желіге көшу нәтижесінде жұмыс өнімділігі 50 пайызға артып, қателік 99 пайызға кеміген. Бүгін VIII Астана экономикалық форумы аясында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры трансформация бағдарламасының алғашқы нәтижелерін талқылады.

Былтыр қыркүйекте тұсауы кесілген бағдарлама бойынша қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда «ҚазМұнай газ», «Қазақстан темір жолы», «Қазпошта» компаниялары транформациялануда. Жақын арада тағы үш компания түрленуге көшеді. 

«Самұрық-Қазынаның» жаңа құрылымы жасақталып, топ-менеджмент пен барлық қызметкерлер қайта сынақтан өтеді. Трансформация үш мақсатты көздейді: Қолданыстағы активтердің құнын арттыру, портфельді оңтайландыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру. Бағдарламаның тұсау кесерінде Президент: «Алдағы 5 жылда «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің жалпы құны екі есеге өсіп, одан түсетін табыс 2-3 пайыз емес, 30-40 пайызға жетуі керек», - деп міндет жүктеген.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Біз қордың қызметін басқару жүйесін әлемдегі ең үздіктер қатарына жеткізуіміз керек. Біздің бәсекелестеріміз үлкен қорлар болуы керек. Біздің қорымызда үлкен жұмыс жасалып жатыр. Үш бағытта 9 инициатива бойынша, әр біздің еншілес компанияларымызда қордың басқару офисінде тиісті топтар құрылған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ