Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Германияда машинистер ереуілге шықты

AstanaTV
21.05.2015ж. 10:00
1158
  Германияда машинистер ереуілге шықты

Машинистер ереуілінен Германияда пойыздар қатынасы уақытша тоқтатылды. Ереуілдеткен машинистер жалақыны көбейтіп, жұмыс аптасын 37 сағатқа дейін қысқартуды талап етуде. Айта кетейік, мемлекет меншігіндегі теміржол саласы қызметкерлері осымен 9-шы рет бас көтеруде. Германия тұрғындары мамыр соңында қала сыртына шығып демалғанды әдетке айналдырған. Бұл жолы пойыз билетінен қағылғандар автокөліктерге отыруға мәжбүр. Нәтижесінде тас жолдарда көлік кептелісі пайда болды. Көптеген кәсіпорындар шығынға белшеден батуда. Себебі, Германиядағы шикізат пен дайын тауарлардың негізгі тасымалдаушысы темір жол болатын.

Ульрих Хомбург, «Германия темір жолдары» концерні басқарма мүшесі:

Әдеттегі тасымалдардың тек үштен бірі орындалатын сияқты. Біз мұны жауапсыздық деп есептейміз. Ереуілдің демалыс күндеріне тап болғандығы өте өкінішті.

Мансұр ЕСХОЖИН