Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда 10 жасар қызға зорлық жасаған педофил ұсталды

AstanaTV
20.05.2015ж. 10:00
1248
Алматыда 10 жасар қызға зорлық жасаған педофил ұсталды

Алматыда 10 жасар қызға әлімжеттік жасап, зорлық көрсеткен педофил қолға түсті. Ол 1963 жылғы, Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл жайында қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп жазады ҚазТаг агенттігі. Белгілі болғандай, күдікті кеше кешкісін Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен құрықталған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 12- мамырда көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның 10 жасар қыз балаға күш көрсетіп жатқаны, кіреберістегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қыз баланың анасы 16-шы мамырда аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне арыз түсірген. Ол өзінің 10 жастағы қызына белгісіз ер адам тарапынан зорлық әрекеті жасалғанын айтқан. Педофилдің кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық көрсету әрекеті заң органдары тарапынан жазаланатын болады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА