Ресей
Ауғанстанға НАТО жүктерін тасымалдауын тоқтатты. Бұл туралы қаулыға елдің
премьер-министрі қол қойды деп хабарлайды ВВС. Бұл шешім БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесінің 2001-ші жылғы қарары күшін жойған соң қабылданған. Осы уақыт
аралығында халықаралық ұйымның әскери жүгі Ауғанстанға Ресей арқылы
тасымалданып келді. Айта
кету керек, Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымы қарулы күштеріне арналған
жүктер Ауғанстанға Қазақстан арқылы да өтетін. Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ
пен НАТО Ауғанстандағы операцияның негізгі бөлігін ресми түрде тоқтатқан
болатын. Соған қарамастан жасақтың бір бөлігін қалдыру туралы шешім қабылдаған.
Бүгінгі күні Ауғанстанда 13 мыңға жуық НАТО сарбазы бар. Олардың 10 мыңнан
астамы америкалық жауынгерлер. Биыл жыл басынан бері Ауғанстанда содырлар
белсенділік таныта бастаған соң, жергілікті билік Вашингтоннан әскери күштерді
шығару операциясын шегеруді сұраған.
Мансұр
ЕСХОЖИН