Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылордада облыстық қоғамдық кеңесте Жер мәселесі бойынша кезекті кеңейтілген отырыс өтті

AstanaTV
03.06.2016ж. 20:00
1563
Қызылордада облыстық қоғамдық кеңесте Жер мәселесі бойынша кезекті кеңейтілген отырыс өтті

Қызылордада облыстық қоғамдық кеңесінде жер мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Шаруалар қауымы жерді жеке меншікке беру мәселесін көтеруге әлі ерте деген пікірін алға тартты. Есесіне егістік жерлерді жалға берудің мерзімін ұзарту мәселесі көтерілсе деген базынасын айтты. Шетелдіктер тек отандық кәсіпкерлермен бірлесе отырып, жерді пайдаланатын жобаларға қатыстырылса, деген ұсыныстар да сөз болды. Басты қағида - жердің талан-таражға салынбауы. Қызылордалықтар, бұл ұсыныстары республикалық жер реформасы жөніндегі комиссиясының отырысында талқыланса, дейді. Жиында айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар протоколға енгізіліп, комиссияның мәжілісінде қаралмақ. Осындай жиындар бүгінде облыстың барлық елді мекендерінде өтіп жатыр.

Самұрат Имандосов, жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі:

Жер кодексін пайдалану, оның құқықтары жөніндегі мәселелер түкпілікті жер пайдаланушылар, жердің қазіргі кездегі жұмыс істеп жүрген мынау елді мекендердегі ауыл еңбеккерлері, тұрғындар, солар әлде де болса толығымен жетік біле бермейді деп есептеймін. Себебі сол кодексте қаралған небір құқықтар мынау шетелдіктер ешуақытта Қазақстаннын жерін игелік етуге мүмкіншіліктері жоқ, сонда жазылған. Қазақстаннын жері шетелдіктерге ешуақытта ешқандай жағдайда меншігіне өтпейтіндігін жеткізіп айтуымыз керек.

Шарипа САҚТАПОВА