Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада «Көшпенділер шайқасы» өтеді

AstanaTV
19.05.2015ж. 10:00
1152
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада «Көшпенділер шайқасы» өтеді

Астанада аралас жекпе-жек бойынша «Көшпенділер шайқасының» бесінші турнирі өтеді. Білекті батырлар сайысы 3-шілдеге жоспарланған. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтеді. Қазіргі күні ММА аралас жекпе-жек өнері әлемдік деңгейде кең дамып келе жатқан спорт түрі. Аралас жекпе-жекті тамашалаушылар саны да қарқынды өсуде. Қазақ хандығының 550 жылдына арналғандықтан Федерация кәсіби турнир бағдарламасында және сайыста түрлі ұлттық символикаларды пайдаланбақ. Жарысқа ТМД кеңістігіндегі және халықаралық деңгейдегі белгілі спортшылар қатысады. «Көшпенділер шайқасын» халықаралық спорт арналарынан көрсету жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл сайыс еліміздің тарихы мен өнерін танытудың бір тәсілі дейді.

Ерлан Карин, ҚР ММА Федерациясының құрметті президенті:

Осы турнирді Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау арқылы еліміздің тарихын, өнерін, мәдениетін халықаралық деңгейде кеңірек танытуға үлесімізді қосқымыз келеді. Себебі, саяси, мәдени іс-шаралармен қатар, көпшіліктің назарын аударту үшін әсіресе, жастардың назарын аударту үшін спорттық шаралардың да өткені дұрыс.

Берік ХАСЕНОВ