$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Алдағы үш тәулік Қазақстанда жауын-шашынды болады

AstanaTV
19.05.2015ж. 13:00
1394
Алдағы үш тәулік Қазақстанда жауын-шашынды болады

Астанада бір тәулік ішінде ғана 10 мың текше метр су сорылды. Жалпы, соңғы үш күннің ішінде 25 мың текше метр жаңбыр суы сорылған. Бұл туралы Астана әкімдігінің сайты хабар таратуда. Коммуналдық қызмет өкілдері шамадан тыс жауын-шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Тәулік бойы су басу қаупіне ұшыраған аудандарда кезекшілік жүргізіліп, жол қозғалысы бақылауға алынды. Қала көшелерінде 80-ге жуық мамандандырылған техника жұмыс істеуде.  

Бұл Астананың оң жағалауындағы  көрініс. Демалыс күндерінен бері нөсер жауын Елорда тұрғындарын әбден әбігерге салды. Белуардан су кешкен көліктердің көбісі мемлекеттік нөмерлерін жоғалтқан.  Ал «Қазгидромет» мамандары, осы айдың 19 мен 21-і аралығы елдің басым бөлігі жаңбырлы болады деп отыр.  Жауын-шашынды ауа райы Астананы да айналып өтпейді. Синоптиктердің болжамынша, бүгін Елордада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +18+20°С болады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА