Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елімізде діни экстремизм және терроризммен күрес саласында білікті кадр тапшы

AstanaTV
19.05.2015ж. 13:00
1071
Елімізде діни экстремизм және терроризммен күрес саласында білікті  кадр тапшы

Радикалды діни идеяларды ұстанатындар арнайы бақылауда. Бұл жөнінде Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Астана телеарнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, елімізде діни экстремизм мен терроризмге төтеп беру жолындағы басты проблеманы атады. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, Қазақстанда білікті кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Айта өтейік, бүгін Бас қалада  үш күндік  вебинар бастау алды. Оның жұмысына күштік құрылым өкілдері, теологтар және сарапшылар қатысуда. Олар радикалды идеологияның жетегінде кеткен азаматтармен әңгіме жүргізудің әдіс-тәсілдері жайлы жан-жақты талқылайтын болады.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

Түрлі террористік ұйым қатарына кіріп үлгергендер ұлттық қауіпсіздік комитеті үйлестірушілерінің назарында. Солардың келтірген мәліметтеріне сүйене отырып, біз елде осындай азаматтардың саны қанша екенін біліп отырамыз. Бүгінде түрлі халықаралық лаңкестік ұйымдар қатарында шамамен 300 қазақстандық бар. Ондайлар ел ішінде де жоқ емес. Бұл азаматтар бойынша жедел әрі алдын алу шаралары жүргізілуде.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА