$462.36 €493.48 ₽5.99
×

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Солтүстік Кореяға сапарлауға ниетті

AstanaTV
19.05.2015ж. 13:00
638
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Солтүстік Кореяға сапарлауға ниетті

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Корей Халық Демократиялық Республикасына баруға ниетті. Бұл жөнінде «Ёнхап» агенттігі хабарлайды. Ұлттар ұйымы Бас хатшысы Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы шиеленісті шешуге ықпалдасқысы келеді. Сеулде өткен  Азия елдері жетекшілерінің конференциясында ол осыны мәлімдеді. Сондай-ақ, сапар кезінде мүдделі тараптардың бас қосатыны, Оңтүстік кореялықтардың да шақырылатыны айтылған. 2014-жылы желтоқсанда БҰҰ-ы Корей Халық Демократиялық Республикасындағы адам құқықтары жөнінде қарар қабылдаған. Бұл құжатта Солтүстік Кореяда ұзақ жылдар бойы адам құқығының өрескел бұзылып келгені айтылады. Ал ел билігі мұны арандату және соғысқа бастау деп қабылдаған.  Азия елдері жетекшілерінің Конференциясында Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе КХДР тарапынан жасалған әскери арандату Азия елдерінің дамуына кедергі келтіретінін айтты. Осы орайда ол мемлекеттер басшыларын Пхенянға қатысты қатаң ұстанымға үндеді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах