Халықаралық валюта қоры Ресейге
бірқатар экономикалық реформалар өткізуге кеңес береді. Қор директорының
орынбасары Мин Чжудың сөзінше, бұл өзгерістер экономика секторына қатысты, -
деп хабарлайды РИА Новости. Өз кезегінде, Мин Чжу Ресей Орталық банкінің
қазіргі қадамдарын дұрыс деп санайтынын
жеткізді. Пікірінше, Ресей әлемдік нарықтың ырқына бейімделіп, валюта бағамын
жұмсақ реттеп отыруы тиіс. Бұл қадамдар экономикалық ахуал мен валютаны
тұрақтандырып, өсімге қажетті қорды қамтамасыз етуі тиіс.
Еске салайық, 14 мамырда
Ресейдің Орталық банкі ел ішіндегі валютаны жаппай сатып алу арқылы мемлекеттің
алтын-валюта қорын толықтыратынын
мәлімдеді. Операция көлемі күніне 100-200 миллион долларды құрайды. Алайда Орталық
банк бұл қадамның тек белгіленген валюта бағамын ұстап тұру үшін жасалмағанын
айтуда. Ресейдің алтын-валюта қоры 1-ші мамырда 358 млрд 500 млн долларды
құрады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ