Ресей мен Қытай Жерорта теңізінде
«Теңіздегі өзара қимыл-2015» әскери оқу-жаттығу шараларын жүргізуде. Рейтерстің
хабарлауынша, ол 21-ші мамырға дейін жалғасады. Оқу-жаттығу шараларына тоғыз
кеме жұмылдырылды. Қытай халықтық азат ету теңіз әскери күштері мұнда «Линьи»
және «Вейфан» фрегаттары мен қамтамасыз етуші кешенді кемесін таныстырды. Ал
Ресей тарапынан «Мәскеу» зымыран крейсері, қарауыл, десанттық және құтқарушы
кемелері тартылған. «Теңіздегі өзара қимыл-2015» оқу-жаттығу шарасына Ресей және Қытай Теңіз әскери күштері бас
қолбасшыларының орынбасарлары, вице-адмиралдар басшылық етеді. Айта кетейік,
2015 жылы Ресей-Қытай оқулары тек Жерорта теңізінде емес, Тынық мұхитында да
өтеді деп жоспарланған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ