Президент Нұрсұлтан Назарбаев
22 мамырда VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Бұл жөніндегі
ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың
орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден үш мыңға
жуық саясаткерлердің, сарапшылардың және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы
жоспарланған. Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар
кездесуі жоспарланған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА