$538.57 €629.48 ₽6.71
×

Жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі жағдайы

AstanaTV
03.06.2016ж. 20:00
Жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі жағдайы

Елімізде соңғы 15 жылда жылжымайтын мүліктің бағасы 25 есеге өскен. 2000 жылдары жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 24 мың теңгеге жуық болса, 2015 жылы баға 258 мыңның төңірегінде болып, 1300 пайызға артқан. Ал ескі тұрғын үйдің бағасының өсімі 2 500 пайызды құрап отыр. Қазір жылжымайтын мүлік нарығында жаңа үйлерден гөрі ескі үйлерге сұраныс артқан.

Айнагүл Шманова, риэлтор:

Бүгінгі күні осындай шағын аудандарға сұраныс артқан. Ол 2-і мен 4-қабат аралығындағы көлемі 35-60 шаршы метр болатын 1-2 бөлмелі пәтерлер. Біріншіден, олардың бағасы өте тиімді, екіншіден, олардың құжаттары дұрыс. Қазіргі таңда 3-4 жыл бұрын берілген жаңа үйлердің өзіндегі баспаналардың құжаттары әлі жасалмаған жағдайлар жетерлік. Бұл әсіресе ірі қалаларда қалыпты жағдай.

Көк қағаз құнының көтерілуі шаршы метр бағасының шарықтауына қалай әсер етті? Екінші жартыжылдықта жылжымайтын мүлік нарығындағы баға қандай болмақ? Осы және өзге де сұрақтарға жауапты ертең 20.00-де «Біздің уақыт» бағдарламасынан біле аласыздар.

Берік ХАСЕНОВ